ата-аналарға » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ата-аналарға
16
май
2016

ата-аналарға

Ата –аналарға арналған кеңес
Егер баланы:
* Көп сынасаңыз - кінәлауды үйренеді;
* Өшпенділікті көп көрсетсе - төбелесуді үйренеді;
* Көп келемеждесе – ұялшақ, жасқаншақ болуды үйренеді;
* Көп масқараласа – өзін кінәлі сезінуді үйренеді;
* Көбіне көңілін көтеріп, сергітсе – өзіне деген сенімділікке үйренеді;
* Көбіне мақтаса - бағалауды үйренеді;
* Шыншыл болсаңыз – әділдікке үйренеді;
* Қауіпсіздік сезімімен өмір сүрсе – сенуді үйренеді;
* Достық пен келісімнің ортасында өмір сүріп және өзінің қажет екендігін сезінсе – ол мына әлемнен махаббат пен сүйіспеншілікті табуды үйренеді.

Сабақты тоқтату туралы ақпарат
Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:
1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен тиімділігінде (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;
1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін -35 градустан төмен болғанда).

Сабақты тоқтату туралы ақпаратты:
- «31-канал» теледидар арнасының жүгіртпе жолында сағат 6.30-дан 8.00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін);
- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта), 38-04-10, 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады;
- 103.2 ҒМ «Деловая волна» Астанақаласы үшін радиосынан хабарлайды;
- ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына хабарласуға болады.
Сабақты тоқтату параметрлері туралы Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.

* * *

27-ші қазан күні сағат 12:00-де Астана қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы осы мектепте оқитын әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар үшін және аталмыш оқушылардың ата-аналары үшін исі мұсылман қауымының діни мерекесі құрбан айтқа дастархан жайып отыр. Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен келіп, қонақ болып, дастарханымыздан дәм татыңыздар!

* * *

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат
Мемлекет басшысының мектеп оқушыларын оқумен толық қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тпсырмасына сәйкес Астана қаласында «Мектепке жол» акциясы өтеді.
биыл акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жасауға асығайық!» үндеуімен өтеді.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалуының алдын алу.
Сонымен бірге акцияның негізгі міндеттерінің бірі – әкімдік, білім беру органы, мәслихат, меценаттар, демеушілер, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңімен тарату.
акция аясында қамқорлық акциясын өткізу, мектеп формасы және мектеп-жазу құралдары, оқумен қамтылған балаларды анықтау бойынша іс-шаралар, жаңа оқу жылына дайындалуына көмекке мұқтаж балаларға көмектесу жоспарлануда.

Похожие публикации:

14 май 2016 әкімшілік