21
March
2023
“Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз”
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі” Education Department of Kerbulak districtнде 2023 жылдың 21 - наурыз күні “Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз” мерекесі ауыл тұрғандарымен бірлесе ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Әр сынып мерекелік көңіл-кhouseсыйлап, ауылдың алты ауызынан түрлі сый тарту етті. Ұлттық жарыстар өткізілді, қонақтарға дәмді наурыз көже таратылды.
Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар қазақша күрес, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартудан бақ сынасты.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет!

