Т.Бигелдинов өмірбаяны » Т.Бигелдинов №46 ЖББМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-53-98
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Т.Бигелдинов өмірбаяны
16
May
2016

Т.Бигелдинов өмірбаяны

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-Mayоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.
Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
Bigeldinov.jpg
Ал қан Mayданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы Mayданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан Mayданнан аман-есен оралады.
Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.
Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.
1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.
1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.
1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.
Марапаттары
КСРО:Bigeldinov.jpg

«Алтын Жұлдыз» медалі (КСРО) Кеңес Одағының Батырлары № 4619
«Алтын Жұлдыз» медалі (КСРО) Кеңес Одағының Батырлары № 6554
Ленин ордені
2 Қызыл Ту ордені
Александр Невский ордені
I-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
Алтын Жұлдыз ордені
III дәрежелі Даңқ одені
Медальдары
Қазақстан:

Отан ордені (2007)[3]
1-ші дәрежелі Даңқ ордені
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)

Похожие публикации:

14 May 2016 әкімшілік