“Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз” » Т.Бигелдинов №46 ЖББМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз”
21
март
2023

“Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз”

      Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі”  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 21 - наурыз күні “Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз” мерекесі ауыл тұрғандарымен бірлесе ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты. Әр сынып мерекелік көңіл-күй сыйлап, ауылдың алты ауызынан түрлі сый тарту етті. Ұлттық жарыстар өткізілді, қонақтарға дәмді наурыз көже таратылды.
Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар қазақша күрес, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартудан бақ сынасты.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет!


Похожие публикации:

26 май 2023 "Қара жорға"
30 декабрь 2022 "Жаңа жыл — 2023"