"Біздің елдің жігіттері" » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біздің елдің жігіттері"
17
март
2023

"Біздің елдің жігіттері"

      Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ КММ-де Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің -әз Наурыз" онкүндік іс-шара барысында жоспарға сәйкес Қосымша білім беру педагогы Т.А.Шымыровтың ұйымдастыруымен 16.03.2023ж күні "Біздің елдің жігіттері"  тақырыбында жігіт сұлтаны сайысы болып өтті.
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
 Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
 Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Сайысқа: 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жігіттер білімділігімен,  өнерімен сайысқа түсті. Жеңімпаздар анықталып,  жүлделі сыйлықтарға ие болып, марапатталды.