"Шаңырақ" » Т.Бигелдинов №46 ЖББМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2022

"Шаңырақ"

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Бигелдинов атындағы 46 ЖОМ-де "Шаңырақ" жобасы негізінде ұйымдастырылған  оқушылар қауымдастығымен  Қосымша білім педагогтары  Шымыров Т.А. мен Кадырбекова А.Д.  жетекшілігімен 28.11.2022ж күні  "Балалар жылы-2022" тақырыбында КВН сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты -- мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейте түсуге үлес қосу ,балалардың  өнерге   деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту , балалар мәселелері жайлы өз ойларын анық жеткізуге үйрету, талантты жастарды анықтау. Оқушылар арасында 3 команда құрылып 5 кезең бойынша сайысқа түсті. Командалар көкейде жүрген мәселелерін әзілмен астарлап жеткізді. Әділ қазылар әділ шешім шығарып, командаларға ақшалай сыйлықтар табысталды.

 Жалпы командалық есепте

 І орынды " Тек қана қыздар" командасы, 

ІІ орынды "Әзілмания" командасы,

ІІІ орынды "Әзілкештер" командасы иеленді. Іс-шараға арнайы өнерпаз  қонақтар шақырылып би билеп, әннен шашу шашты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02XGAHGJ83bnTjwJde5ebg11kyu2MDEMKVpv67NcMFrBGTHtso1t2rga7dbC2Eymo1l&id=100012414364017