Мектеп директоры » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директоры
05
май
2023

Мектеп директоры

                                                  Аманов Сабит Тугизбаевич

          Мен, Аманов Сабит Тугизбаевич, 1965 жылы 25 тамызда Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Ворошилов ауданында дүниеге келдім.    1972-1982ж.    Н.К.Крупская атындағы №5 мектепте білім алдым.

  1982ж. Ресейге, Таганрог қаласындағы Педагогикалық институтқа оқуға түсіп 1989ж. орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығына ие болдым. 

  1983-1985ж. аралығында Кеңес Одағы Армиясы сапында әскери борышымды өтедім.

  1989ж. еңбек жолымды Сайхунабад ауданындағы №36 мектепте орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі ретінде бастадым. 

  1989-2003ж. аралығында мектепте мұғалім, Алғашқыы әскери дайындық жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.

  1997-2003ж. Сайхунабад ауданы Бокс федерациясында бапкер, ауданның бас бапкері, бокс федерацисының атқарушы директоры қызметтерін қоса атқардым. 

  2003 жылы тарихи отаным Қазақстанға қоныс аударып Мақтаарал ауданындағы №72 «Мәдениет» жалпы орта мектебінде 2019 жылға дейін Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.

  2004-2011ж. Мақтаарал ауданы Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің Бокс бөлімінде жаттықтырушы қызметін қоса атқардым.

  2019 жылдан  Мақтаарал ауданындағы Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі директоры қызметін атқарудамын. 

  «Жыл үздік жаттықтырушысы»,«Генерал С.Нұрмағанбетов», «Генерал С. Рахымов» атындағы медальдерімен марапатталғанмын.

  Отбасымда екі ұл тәрбиелеудемін.