Құрметті ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері!
Мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

”ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ" веб-порталы арқылы тапсырылатын құжаттар:

1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;

2) № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны;

3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

ҚАҒАЗ түрінде тапсырылатын құжаттар:

1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;

2) жеке басын растайтын құжаттың түпслабовидящих (түпслабовидящих сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);

3) № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны;

4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;

5) қандас – қандас куәлігі.

Еске салайық, мектепке оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен реттелген.