"Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?" » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-53-98
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?"
11
январь
2023

"Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?"

"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі" отдела образования Кербулакского районанде тарих пәні мұғалімі Н.С.Казыбаев 10 "А" сыныбында десанттық тәрбие сағатын өткізді. 

Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?". 

Мақсаты: "Сыбайлас жемқорлық" деген ұғымды түсіндіру, оның алдын алу жолдары туралы түсінік беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау, оқушыларды әділдікке тәрбиелеу. 

Тарих пәні мұғалімі Н.С.Казыбаев "Сыбайлас",   "Жемқорлық", "Пара" сөздеріне анықтама беріп өтті. Оқушыларды Қазақстан Республикасы "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Оқушылар жұптық жұмыс жүргізіп, "Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының Президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?" тақырыбында постер қорғады.  

Қорыта келе, әрқашан адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге өз мүмкіншіліктерімен жетуге тырысу керектігін нақтылап айтты.