09
январь
2023
ІІІ тоқсанның басталуы
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің “Т. Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі” КММ-де ДТІЖО ұйымдастыруымен қаңтар айының 9 жұлдызында таңғы сағат 08:00 ден бастап мектебімізде оқушыларға жақсы көңіл-кдомсыйлау мақсатында керемет әндермен қарсы алдық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны қойылды. Мектебіміз директоры С.Т.Аманов оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, оларға ІІІ тоқсанда жақсы бағалар алып, керемет жетістіктерге жетулеріне тілектес екенін айтып өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Отанын, мектебін, ұстаздарын, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

