25
май
2023
"Оқуға құштар мектеп"
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Бигелдинов атындағы N46 ЖОМ КММ-де 20.02.2023 ж күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Шерова Н.К. бастауыш сынып оқушылары арасында "Ертегілер әлемінде" атты сайыс өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру , кітап оқуға ынтасын арттыру , көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге , тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру.Ертегілер арқылы жалпы дамуға , рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.
Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдады, суреттерін салып ертегі айтудан сайысқа түсті. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.


