"Ғаламтор және адам". » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ғаламтор және адам".
07
февраль
2023

"Ғаламтор және адам".

      "Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 "А" сынып жетекшісі Э.Т.Айменова 11 "А" сыныбында десанттық тәрбие сағатын өткізді. 
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Ғаламтор және адам". 
 Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау. Ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтарын түсіндіру.
 Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, постер қорғады. Бірінші топ ғаламтордың пайдасы туралы, екінші топ ғаламтордың зияны туралы өз ойларын айтып жеткізді. Ғаламтордың пайдалы жағымен қатар зияны да бірге жүретіні ескерілді. 
Мұғалім Э.Т.Айменова компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертті. 
Қорыта келе, мұғалім Э.Т.Айменова  күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білуге, денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдалана білуге үйретті.