Ата-аналар жиналысы » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы
04
май
2023

Ата-аналар жиналысы

        2023 жылдың 3 мамыр күні Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты  “Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі” КММ әкімшілігінің ұйымдастыруымен бітіруші 9,11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруда және 2023 жылғы жаз айларындағы шомылу маусымы туралы  жағдайлар айтылып өтті.
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады: түрлі себептермен мектеп қажеттіліктеріне, мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық жасауға, мектептің жөндеу жұмыстарына, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға және бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан  ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатынын;
2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін;
3. 2023 жылдың жаз мезгіліндегі шомылу маусымында ұл-қыздарымыздың қауіпсіздік ережелерін сақтау тікелей ата-аналардың жауапкершілігінде екенін;
4. Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатынын түсіндірді. 
Мектеп директоры С.Т.Аманов ата-аналарға жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертіп өтті.