"Мектепте және көшедегі тәртіп" » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепте және көшедегі тәртіп"
21
сентябрь
2022

"Мектепте және көшедегі тәртіп"

        Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Бигелдинов атындағы N46 жалпы орта мектебінде "Мектепте және көшедегі тәртіп" тақырыбында ұлдар кеңесі болып өтті.
Қатысқандар:  ДТІЖО, Мектеп Инспекторы, мектеп оқушылары (ұлдар)
Мерзімі: 21 қыркүйек 2022 жыл
       Мектеп инспекторы болып  Н.Тогызбаев, өзінің бүгінгі күннен бастап мектеп инспекторы болып тағайындалғанын, алдағы уақытта мектебіміздің оқушыларымен жұмыс жасайтындығын, мектептің тәртібінің сақталуын, түнгі мерзімде оқушылардың жауапты адамдардың қарауынсыз көшеде жүрмеуін, оқушылардың өзара зорлық-зомбылық, күш көрсету, ақша талап ету т.б. тәртіпсіздіктердің орын алмауын, заңмен қудаланатынын, зиянды спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын пайдаланбауды, олардың зиян екенін түсіндіріп өтті. Мектепте немесе мектептен тыс тәртіп бұзу, зорлық зомбылық көрсету, төбелесу, суық қаруды алып жүрмеуді, сақтауды, пайдаланбауды кеңес берді. Оқушылардың шаш пен киім үлгісіне де тоқталып, оқушыларға ескерту берді. Оқушылардың өздеріне Зорлық-зомбылық, ақша талап ету, қысым көрсету орын алса, немесе куәсі болса, құзырлы органдарға хабар беру керектігін айтты.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0345GuUkc3SRFvVro3peWbepxgkwjH58utCcaDCMfwzx9GDVUN9eXLQaNciKHdePbCl&id=100012414364017 

Похожие публикации:

10 ноябрь 2018 мектеп