«Қыздар» ұйымының жиналысы » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыздар» ұйымының жиналысы
23
ноябрь
2022

«Қыздар» ұйымының жиналысы

      Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы  адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т. Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 қараша күні «Қыздар» кеңесінің төрайымы Дусейнова Айткул Каржауқызының  ұйымдастыруымен, мектеп медбикесі Муратова Зарнигор үйлестіруімен, 7-11 сынып қыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді .
Өткізілген адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына, ДОІЖО А.А.Алдабергенова, мектептің информатика, математика пәні мұғалімі Р.А.Атабаева, әлеуметтік-педагог У.Т.Джураева, аға тәлімгер М.А.Яковлева және бірнеше мұғалім апайлар қатысып өз пікірлерін оқушылармен бөлісті.
Мектеп медбикесі Муратова Зарнигор сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 7-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.
Мектептің  «Қыздар» кеңесінің төрайымы Дусейнова Айткул Каржауқызы  сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0dpyeaDnLFtnTeddWFSjkueFxggG7QvoxP239h14D65xJybcpnn7p1KmvzNtAAeUSl&id=100012414364017