"Химиялық элементтер" » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Химиялық элементтер"
30
ноябрь
2022

"Химиялық элементтер"

Мақтаарал ауданының  адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қараша айының 30-жұлдызында химия пәні мұғалімі А.А.Алдабергенова "Химиялық элементтер" тақырыбында 7"А" сынып оқушыларымен сайыс сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: Элементтерді металдар мен бейметалдарға ажырата білу. Заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктей алу.

         Сайыс сабақты бастамас бұрын оқушыларға   психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлап, оларды екі топқа бөлді. "Метал" және "Бейметалл" деп аталатын топтағы оқушылар топтың ережесімен таныстырылды. Сайыс 9 кезеңнен тұрды. "Ой қозғау" әдісі арқылы екі топқа сұрақтар берді. Периодтық кестені қолданып, элементтердің электрон, протон, нейтрон сандарын анықтады. Әр кезеңге өткен сайын оқушылардың қызығушылығы артып, белсенділіктері күшейді. Топтағы оқушылар жұптасып, оттегі мен сутегі атомдарын, су молекуласын бояды, атомдардың молекула түзетінін түсіндірді. Оқушыларды сергіту мақсатында "Қоспалардың түрлерін және қоспаларды бөлу" әдістерін оқушылар тәжірибе жүзінде көрсетті. Өз білімдерін жақсы көрсетіп келе жатқан "Метал" тобы соңғы кезеңдерінде бәсеңдеп, "Бейметал" тобы оза шауып,  тапсырмаларды нақты орындап алдыңғы орынға ие болды. Екі топқа да ынталандыру сыйлықтары берілді.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02uMXHiCRkACRjkzXixkJzvYBht2mK1PTcugxBAmdv7o2DhHccFohicE2pfdpsome6l&id=100012414364017