1 сыныптқа қабылдау » Т.Бигелдинов №46 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Т.Бигелдинов атындағы №46 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-53-98
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныптқа қабылдау
03
апрель
2023

1 сыныптқа қабылдау

Құрметті ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері!
      Мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.
✅”ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ" веб-порталы арқылы тапсырылатын құжаттар:
‼️1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
‼️2) № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны;
‼️3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
✅ҚАҒАЗ түрінде тапсырылатын құжаттар:
‼️1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
‼️2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
‼️3) № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны;
‼️4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
✅✅✅Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
‼️1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
‼️2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
‼️3) босқын – босқын куәлігі;
‼️4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
‼️5) қандас – қандас куәлігі.
 ❗️Еске салайық,  мектепке оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен реттелген. 
    Кенже ұлымды биыл 1-ші сыныпқа бергелі жатырмын! 🔰🔰🔰🔰
Сәттілік баршаңызға!✊✊✊✊